Жергілікті атқару органдары шетелдік жұмыс күшін тарту квотасын негізсіз көтеріп отар - ҚР Бас прокуратурасы - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жергілікті атқару органдары шетелдік жұмыс күшін тарту квотасын негізсіз көтеріп отар - ҚР Бас прокуратурасы

Жергілікті атқару органдары шетелдік жұмыс күшін тарту квотасын негізсіз көтеріп отар - ҚР Бас прокуратурасы

Астана. 16-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Жергілікті атқару органдары шетелдік жұмыс күшін тарту квотасын негізсіз көтеріп отыр. Бұл туралы кеше Бас прокуратураның апта сайын өтетін брифингі барысында оның ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 16 Қараша 2007
  • 712
Фото - Caravan.kz

«Квотаны жергілікті атқару органдары ұсынған дәлелдеме негізінде министрлікпен (Еңбек және әлеуметтік қорғау — агенттік ескертпесі) бекітеді. Алайда, дәлелдемелердің шынайылығы үлкен күдік тудырып отыр», — деп мәлімдеді С. Нұрпейісов.

«Мысалы, Павлодар облысы бойынша министрлік 2007 жылы шетелден жұмыс күшін тартуға 1800 бірлік көлеміндегі квотаны бекіткен. Бұл квота жұмыс берушілер арызы бойынша бекітілген. Оның ішінде 3-ші санатта (арнайы мамандық қажет етпейтін — агенттік ескертпесі) 120 токарь мен 229 жүргізуші талап етілген», — деп түсіндірді Бас прокуратураның ресми өкілі.

Мұндай жағдай, С. Нұрпейісовтың айтуынша, Қазақстанның барлық аймақтарында қалыптасып отыр.

Бас прокуратураның ақпараттарына сүйенсек, үстіміздегі жылдың тек алғашқы жарты жылдығында жұмыс берушілер республикамызға 30 мыңнан аса шетел жұмысшыларын кіргізген. Ал былтыр Қазақстанға жыл бойы 44 мың гастербайтер келген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті