Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының ғылыми-сараптама кеңесі Ұйымның даму мүмкіндіктерін талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының ғылыми-сараптама кеңесі Ұйымның даму мүмкіндіктерін талқылады

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының ғылыми-сараптама кеңесі Ұйымның даму мүмкіндіктерін талқылады

Мәскеу. 16 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Кеше Мәскеу қаласында өткен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының ғылыми-сараптама кеңесінің бесінші отырысында Ұйымның даму мүмкіндіктері талқыланды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігіне Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының хатшылығының баспасөз қызметі хабарлады.

  • 16 Қараша 2007
  • 371
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, кеңес мүшелері Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы Николай Бордюжаның Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің Душанбеде өткен қазан (2007 жыл) сессиясында қабылданған шешімдері туралы ақпаратын тыңдады.

Мәселені талқылау барысында кеңес мүшелері Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының қызметіндегі жаңа бағыттарды дамыту мақсатындағы ұсыныстар мен тілектер туралы өз ойларымен бөлісті. Атап айтқанда, талқылау Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының басқа да халықаралық ұйымдармен міндеттерді бөлісіп алу және жұмыстарды қайталамау үшін өзара қарым-қатынас мәселелері туралы болды.

Сонымен қатар, тілектер Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының жауапкершілік аймағында және одан тысқары жерде дағдарысқа қарсы әрекет ету мәселесін зерттеуге, әлемнің әртүрлі аймақтарындағы жағдайды зерттеу мақсатында ғылыми зерттеу институттарының және орталықтарының күшін жұмылдыруға қатысты болды.

Баспасөз қызметі хабарлағандай, шараға Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше мемлекеттердің жетекші ғылыми зерттеу орталықтарының басшылары қатысқан.

2005 жылдың ақпанында құрылған Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының ғылыми-сараптама кеңесі Ұйымды ғылыми, сараптамалық, ақпараттық және консультациялық қызметін қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылған қоғамдық кеңес беруші және сараптамалық орган болып табылады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті