Алматы облысында жүк поезының тепловозында өрт болды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында  жүк поезының тепловозында  өрт болды

Алматы облысында жүк поезының тепловозында өрт болды

Астана. 16 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Алматы облысы, Қаратал ауданында 1385 темір жолының Үштөбе-Калпе аялдама аралығында , 15 қарашада жүк поезының тепловозында өрт болды. Бұл туралы агенттікке ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 16 Қараша 2007
  • 421
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 19.25 Үштөбе-Сарыөзек-Алматы-Шу бағытымен келе жатқан №2003 поезының №2757 тепловозы шахта тоңазытқышының екі бөлімінде өрт тұтанды.

Баспасөз қызметі хабарлағанындай, зардап шеккендер мен өлім -жітім жоқ. Поезд қозғалысы 1 сағат 13 минутқа тоқтатылды. Өрттің пайда болу себеп-салдары мен материалдық шығын көлемі анықталуда. Тілсіз жаудың жалынын басуға ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің жеке құрамының 11 адамы мен 2 техника жұмылдырылып, 20.25 өрт толық сөндірілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті