Қазақстанда ипотекалық несиелер көлемі екі есеге ұлғайды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда ипотекалық несиелер көлемі екі есеге ұлғайды

Қазақстанда ипотекалық несиелер көлемі екі есеге ұлғайды

Астана. 16 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда жыл басынан ипотекалық несиелер көлемі екі есеге ұлғайды. Бұл туралы бүгін "ҚР тұрғын үй құрылысының даму болашағы мен жағдайы" деген атпен өткен ғылыми тәжірибелік конференциясында ҚР қаржы нарығын бақылау және қаржылық ұйымдарды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Елена Бахмутова мәлімдеді.

  • 16 Қараша 2007
  • 349
Фото - Caravan.kz

«1 қазан айы бойынша, тұрғын үй кепілдігімен алынған итотекалық несиелер мөлшері банк портфельдерінің 38 % құрап, он айда 100% ұлғайды. Бұл екі есе жоғары», — деді Е. Бахмутова.

Оның мәліметтері бойынша, жалпы ипотекалық қарыздар 3 трлн тенгеге жеткен.

Е. Бахмутова атап кеткеніндей, «биылғы жылдың қаңтар айында, үй кепілдігімен алынған несие жалпы несиелер қоржынының 27,6% құрады. Ал жалпы сандық мөлшері 1 трлн 651,6 млрд тенге».

«2005 жылдың қорытындысымен салыстырғанда, олардың үлесі 26,4% болды, алайда жалпы абсолюттік көрсеткіштерді салыстыруға келмейді».


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті