Бәсекелестікті қорғау комитеті Энергетика министрлігіне ҚР жанармай мен дизельдік отын саудасы бойынша тауар биржасын құру туралы ұсыныс енгізді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бәсекелестікті қорғау комитеті Энергетика министрлігіне ҚР жанармай мен дизельдік отын саудасы бойынша тауар биржасын құру туралы ұсыныс енгізді

Бәсекелестікті қорғау комитеті Энергетика министрлігіне ҚР жанармай мен дизельдік отын саудасы бойынша тауар биржасын құру туралы ұсыныс енгізді

Астана. 16-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Бәсекелестікті қорғау комитеті Энергетика және минералды ресурстар министрлігіне Қазақстан Республикасында жанармай мен дизельдік отын саудасы бойынша тауар биржасын құру, сонымен қатар осы нарықтағы делдалдардың іс-қызметіне заңдық шектеу қою туралы ұсыныс енгізді. Бұл туралы бүгін алғаш рет өткізіліп отырған "Қазақстандағы мұнай өнімдерінің нарығы" атты халықаралық конференцияда Бәсекелестікті қорғау комитетінің отын-энергетикалық кешенін реттеу және талдау бөлімінің бастығы Еркеғали Әлімқұлов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 16 Қараша 2007
  • 823
Фото - Caravan.kz

«Қазіргі уақытта біз Энергетика және минералды ресурстар министрлігіне жанармай мен дизельдік отын саудасы бойынша тауар биржасын құру және осы нарықтағы делдалдардың іс-қызметіне заңдық шектеу қою туралы ұсыныс енгіздік, себебі өзімізге белгілі, жанармай бекеттеріндегі жанармайдың бағасы мұнай өңдеу зауыттарының бағасынан бірнеше есе асып түседі»,- деді Е. Әлімқұлов.

Ол, тауар биржасын құру, осыған сәйкес жанармай саудасын жүргізу «ашық нарық құруға» мүмкіндік беретіндігін, атап көрсетті.

Осыған байланысты Бәсекелестікті қорғау комитетінің өкілі, республикадағы жанармай өндіру және айналым нарығында соңғы жылдары «кейбір жағымсыз салдары бар экономикалық шоғырлану » процессі болғандығын еске сала кетті. «Экономикалық шоғырланудың әкеп соқтырған негізгі жағымсыз салдарлары ымыраласып баға белгілеу, тұтынушыларда мұнай тасымалдаушыларды таңдау мүмкіндіктерінің болмауы, сонымен қатар тауарды өндіру немесе сатуда негізсіз шектеу қою мүмкіндігі және тауар нарығын аумақтық белгілері мен тауар түрі бойынша бөлу болып табылады»,- деп түсіндіріп өтті ол.

«Экономикалық шоғырланудан болып белгілі бір сатушымен немесе сатып алушымен келісім-шарт жасаудан негізсіз бас тартылуыда мүмкін»,- деп жалғады өз сөзін Бәсекелестікті қорғау комитеті бөлімінің бастығы.

Бәсекелестікті қорғау комитетінің өкілінің пайымдауынша, қолданыстағы «Монополистік іс-қызметтің бәселекестігі және шектеу туралы» заң экономикалық шоғырлануды реттеу үшін жеткіліксіз болып табылады. «Мен заңда экономикалық концентрация ахуалына қатысты мәмілелерді реттейтін «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін мемлекеттік реттеу, өндіру және айнылымы туралы» ерекше норманы ескеруді ұсынамын»,- деген ұсыныс айтты ол.

Е. Әлімқұлов экономикалық концентрациялауға мысал ретінде ҚазМұнайГаз Сауда үйі компаниясының тобын атап өтті. Оның пайымдауынша, «ол өзінің еншілес компанияларының баға саясатын жанама басқарады, сондай-ақ Атырау мұнай өңдеу зауытындағы бағаны бақылап отырады». «Сонымен қатар оның айтуынша, ҚазМұнайГаз PetroKazakhstan Inc. компаниясының 33 пайыз акциясы сатып алғаннан кейін, ҚМГ компаниясы PetroKazakhstan Inc. құрамына кіретін компаниялардың бағаларын немесе саясатын жанамалай бақылауға құқылы».

Ол, PetroKazakhstan құрамына Шымкент мұнай өңдеу зауыты, мұнай өндіруші PetroKazakhstan Kumkol Resources компаниясы және еліміздің әртіүрлі аймақтарында мұнай өнімдерін сататын «PetroKazakhstan» сауда үйі кіреді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті