«Бүгінде 33 бірлестік белсенділерінің саны 80 мыңнан асып жығылады, бұл жалпы жастар санының 40 пайызы. Ақмола облысы тұрғындарының арасындағы жастар саны 118 мың адамды құрайды (29 пайызға жуық), оның 55 пайызы ауыл жастары»,- деді слетке қатысушыларды алдағы халықаралық студенттер күнімен және үшінші еңбек семестрінің аяқталуымен құттықтаған Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ғалым Бекмағамбетов.
Облыс әкімінің орынбасарының айтуынша, өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда атқарылған жұмыс көлемі 1,3 есеге өсіп, 180 млн теңгені құраған. Үстіміздегі жылы ұлттық саябақтар аумағы мен басқа да экологиялық аймақтарда 3,5 мың адам еңбек етіп, елді мекендерді көркейтумен, жол және мектептер, бала бақшалар салумен айналысқан.
Облыстық ішкі саясат департаментінің «Облыстық жастар мен студенттердің еңбек отрядтарының штабы» қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып ұйымдастырған слетке еңбек отрядтарының басшылары мен командирлері, оқу орындарының, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары, облыс аудандарының студент жастары, мемелекеттік құрылымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысқан.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті