"Нұр Отан" ХДП төрағасының орынбасары РФ Мемлекеттік Дума сайлауының науқаны барысымен танысты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Нұр Отан" ХДП төрағасының орынбасары РФ Мемлекеттік Дума  сайлауының  науқаны барысымен танысты

"Нұр Отан" ХДП төрағасының орынбасары РФ Мемлекеттік Дума сайлауының науқаны барысымен танысты

Астана. 16 қараша. "Қазақстан Бүгін" - ТМД қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық ассамблеясының бақылау тобының жетекшісі "Нұр Отан" ХДП төрағасының бірінші орынбасары, парламент мәжілісі төрағасының орынбасары Бақытжан Жұмағұлов Ресей Федерациясының Федералдық жиынының Мемлекеттік думасының сайлау науқанының жұмыс барысымен танысты, деп хабарлайды мәжілістің баспасөз қызметі.

  • 16 Қараша 2007
  • 604
Фото - Caravan.kz

Б. Жұмағулов, РФ КП фракциясы жетекшісінің орынбасары Сергей Ришульскимен, «Единая Россия» фракциясы жетекшісінің орынбасары Валерий Богомоловпен, «Справедливая Россия», » Родина» фракциясының мүшесі Сергей Григорьевпен, РЛДП жетекшісі, Ресей Федерациясы Федералдық жиыны Мемлекеттік Думасының төрағасының орынбасары Владимир Жириновский және Ресей Федерациясы Федералдық жиыны Мемлекеттік Думасының депутаты Геннадий Селезневпен кездесті.

Сондай-ақ, Б. Жұмағұлов РФ Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Владимир Чуровтың қабылдауында болды.

Саяси партиялардың жетекшілері мен ОСК төрағасымен кездесулерінен кейін ойын қорытқан Б. Жұмағұлов, «сайлау науқанына арналып дайындалған заң базасы мен ОСК дайындаған нормативтік құжаттар үлкен жұмыстың атқарылуын және сайлаудың әділ, ашық өткізілетінінің белгісі «, — деді Б. Жұмағұлов.

Оның пікірінше,» Жалпы Ресейде сайлауды жоғары деңгейде өткізу үшін барлық жағдай жасалған. Сайлауға қатысатын саяси партиялар өздерінің жұмыстарын еркін өткізуіне барлық шаралар мен жағдайлар жасалған. Ресейдің сайлау жүйесі алдыңғы қатарда болып саналады».

Б. Жұмағулов 2007 жылы 2 желтоқсанда өтетін Ресей Федерациясының Мемлекеттік думасына сайлау жөнінде, ТМД парламентаралық бақылау тобының үйлестірушісі болып тағайындалды. Бақылау тобының құрамына Достастық мемлекеттерінің 30 парламентарийлері кірген. Негізінен олар шекарааралық аймақтардаға сайлау учаскелері мен Мәскеу, Санкт-Петерборда жұмыс істейді.

Ресейдің сайлау тарихында алғаш рет пропорционал жүйе бойынша сайлау өтеді. Парламенттің төменгі палатасының 5 шықырылымына 11 партия қатысады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті