Каспий теңізінде "Камюст-1" кемесі апатқа ұшырауда - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Каспий теңізінде  "Камюст-1" кемесі апатқа ұшырауда

Каспий теңізінде "Камюст-1" кемесі апатқа ұшырауда

Астана. 19 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Каспий теңізінде "Камюст-1" кемесі апатқа ұшырауда, деп хабарлайды агенттік ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 19 Қараша 2007
  • 439
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 18 қарашада 11 сағатта «Ақтау» теңіз айлағынан «Камюст-1» кемесі (Ресей Федерациясына қарасты) апатқа ұшырауда деген ақпарат келіп түскен.

Кемемен арадағы байланыс 11 қарашада үзіліп қалған. Ол кезде кеменің соңғы координаттары солтүстік ендіктің 43.37 , шығыс бойлықтың 50.35 градусын құраған. 2 күннен кейін кемеге іздестіру жарияланды. Кемеде 12 экипаж мүшесі болған. Қазіргі жағдаймен кеме солтүстік ендіктің 42.51.59 градус, шығыс бойлықтың 50.02.08 градусында (Ақтау теңіз айлағы мен Махачкала айлағының орта тұсы) тұр.

Іздестіру-құтқару шаралары одан әрі жалғасуда, оған 3 кеме мен АН-12 ұшағы (Әзербайжан республикасына қарасты) мен «Ақтау» танкері жұмылдырылған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті