ҚР ІІМ 2008 жылы жеті заң жобасын дайындауды жоспарлауда - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР ІІМ 2008 жылы жеті заң жобасын дайындауды жоспарлауда

ҚР ІІМ 2008 жылы жеті заң жобасын дайындауды жоспарлауда

Астана. 19-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі 2008 жылы жеті заң жобасын дайындауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР ІІМ заң департаментінің хабарламасына сілтеме жасай отырып.

  • 19 Қараша 2007
  • 548
Фото - Caravan.kz

Ішкі істер министрлігінде вице-министр Алик Шпекбаевтың төрағалық етуімен аймақтық ішкі істер департаменттерінің басшыларымен 2008 жылға арналған заң шығару және заңнамалық жұмыс жоспарлары туралы селекторлық бейне-жиналыс болып өтті.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, министрлік 2008 жылы 7 заң жобасын жасауға бастама көтерген. Атап айтсақ, тиімді басқару жүйесі бар кәсіби шеберлігі жоғары тергеу моделін жасау және тергеушілердің мәртебесін бекіту; ауыртпалығы үлкен емес және орташа қылмыстер бойынша іс жүргізуді оңайлату; кәмелеттік жасқа толмағандардың ойын-сауық орындарында болуын шектеу және оларды алкогольдік ішімдік пен есірткі заттарына байланысты тексеру; ұялы телефондарды тонаумен күресті күшейту. Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасында қылмыстардың алдын-алу туралы» заң жобасын дайындау ұсынылып отыр.

Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөлімшелеріне ұсынылған заң, үкімет актілерінің жобаларын дер кезінде дайын болуымен қамтамасыз ету тапсырылған.

Сонымен қатар, жиналыста заңнаманы жетілдіру ішкі істер органдарының заң бұзушылықтардың алдын-алу және қылмыспен күрес сияқты міндеттерінің жүзеге асуына оң әсерін тигізетіндігі айтылды.

«Ішкі істер министрлігінің бастамасымен биыл бірқатар заңдардың қабылдануы мемлекеттің көші-қон саласындағы бақылау функцияларын күшейтуге мүмкіндік берді. Тұрмыстық заң бұзушылықтарға барғаны үшін жауапкершілік енгізілді. Айыпталушы тұлғалардың құжаттық мәселелері шешілді. Ал осыған дейін тергеу органдарының қылмыстық істерді сотқа жіберу жұмыстарында айтарлықтай қиындық туып келген еді», — деп көрсетілген хабарламада.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті