«Жексенбі күні Сарыағаш ауданы «Красный водопад» шекара заставасы учаскесінде барлау-іздеу тобы Өзбекстаннан Қазақстанға бет алған белгісіз адамды құрықтады. Тексеру кезінде одан жалпы салмағы 1 килограмнан астам героин салынған төрт полиэтилен пакет табылды», деп хабарлайды «Оңтүстік» аймақтық басқармасындағылар.
Шекарашылардың хабарлауынша, ұсталғанның сөзіне қарағанда, ол Өзбекстан азаматы болып табылады. Тұтқын ҰҚК-нің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментіне табысталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті