Қарағандыда үш адам белгісіз газдан уланып қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда үш адам белгісіз газдан уланып қаза тапты

Қарағандыда үш адам белгісіз газдан уланып қаза тапты

Қарағанды. 19 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қарағандыда үш адам белгісіз газдан уланып қаза тапты. Бұл туралы агенттік тілшісіне Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 19 Қараша 2007
  • 397
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қайғылы оқиға 17 қарашада Қарағанды облысының Абай ауданында болған. «Тастанды кәріз құдығына өз беттерімен түскен төрт жергілікті тұрғын онда өздерін қолайсыз сезіне бастаған. Ер адамдардың біреуі ғана жер бетіне шыға алды. Оны ауруханаға жатқызып үлгерген», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Белгісіз газдан уланған үш адам оқиға орнында жан тапсырған. Бұл дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті