Мемлекеттік бидай қорына қол сұғылмаған - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекеттік бидай қорына қол сұғылмаған

Мемлекеттік бидай қорына қол сұғылмаған

Астана. 19 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекеттік азық-түлік қоры сатылған жоқ, оған қол сұғылмаған. Бұл туралы бүгін "Азық-түлік келісім- шарты корпорациясы" АҚ Ұлттық компаниясының президенті Нұрлан Оспанов мәлімдеді деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 19 Қараша 2007
  • 473
Фото - Caravan.kz

«Соңғы кезде Бұқаралық ақпарат құралдары Корпорация мемлекеттік азық-түлік қорын пайдаланып, сатып жатыр деген ақпарат жариялауда. Заңдарға сәйкес құрылған азық-түлік қоры тек үкімет пен заң жүзінде көрсетілген жағдайда ғана пайдаланылатынын ресми түрде мәлімдейміз», — деді Н. Оспанов.

«Азық-түлік корпорациясы мемлекеттік қорды басқарған тұста бір рет те бидайды сыртқа сатқан жоқ. Үкімет тарапынан да мемлекеттік азық-түлік қорын сату жөнінде шешім шығарылмады». «Бұл — қол сұғылмайтын қор», дегенді шегелеп айтты Н. Оспанов.

Н. Оспанов атап өткеніндей, қор бидайы Азық-түлік корпорациясының меншігіндегі 5 мемлекеттік нан базасы мен арнайы қармандарда сақталуда.

«Нан базалары біздің жеке меншігіміз болғандықтан, корпорация оларды еншілес кәсіпорындар арқылы басқаруда. Бұл — корпорация өзінің нан базаларын сатып, мемлекеттік элеваторлардан құр алақан қалды, деп газет- басылымдарда жарық көрген мақалаларына жауабымыз», — деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті