Азық-түлік корпорациясы сатып алатын бидай ішкі нарықта сатылады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азық-түлік корпорациясы  сатып алатын бидай ішкі нарықта сатылады

Азық-түлік корпорациясы сатып алатын бидай ішкі нарықта сатылады

Астана. 19 қараша. "Қазақстан Бүгін" - "Азық- түлік келісім- шарт корпорациясы ҰК" АҚ бидай сатып алу бағдарламасына сәйкес, сауда-саттық ішкі нарықта жүргізіледі. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Азық түлік корпорациясының вице-президенті Нұрлан Оспанов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілішісі.

  • 19 Қараша 2007
  • 491
Фото - Caravan.kz

Н. Оспановтың атап өткеніндей, «Азық-түлік корпорациясы ең бірінші кезекте бидайды ішкі нарықта сатады «.

Сондай-ақ, оның айтуынша, » корпорацияның барлық бидайды сыртқа сатқандығы жөнінде мақалалар шындыққа жанаспайды «.

«Ұн тарту кәсіпорындары — біздің бидайдың негізгі сатып алушылары. Олардың сұранысы мен әкімдіктердің өтініші бойынша бидай жөнелтеміз. Ал егер ұн тарту кәсіпорындардың сұранысы толық өтеліп, бидай қалдығы болып жатса, ол Қазақстан биржасы арқылы сатылады», — деп түсіндірді ол.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, 19 қарашада, мемлекеттік қорға бидай сатып алу науқаны аяқталып, оның көлемі 850 мың тоннаға жетті. Мемлекеттік қордағы бидайды жаңарту үшін, ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінен 345 мың тонна бидай сатып алынды. Ал коммерциялық сауда -саттық негізінде 19 қарашада 542 мың тонна бидай алынды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті