Қазақстанның халықаралық резервтері қарашаның бірінші жартысында 2,8% өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның халықаралық резервтері қарашаның бірінші жартысында 2,8% өсті

Қазақстанның халықаралық резервтері қарашаның бірінші жартысында 2,8% өсті

Алматы. 19 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Елдің халықаралық резервтері (ағымдағы бағалармен) Ұлттық қордың ақшасын (алдын ала деректер бойынша 20 333,8 млн. долл.) қоса есептегенде тұтастай алғанда 2,8% өсіп, 38 521,7 млн. доллар болды. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 19 Қараша 2007
  • 541
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметіінің хабарлаукынша, 2007 жылғы қараша айының жартысында Ұлттық банктің халықаралық резервтері ұлғайды.

Ұлттық банктің ағымдағы бағалардағы таза халықаралық резервтері 4,3 % (немесе 757,2 млн. долл.) өсті.

Ішкі валюта нарығында валюта сатып алу, екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі шетел валютасындағы корреспонденттік шоттарындағы қалдықтардың ұлғаюы және үкіметтің шоттарына валютаның түсуі Қаржы министрлігінің сыртқы борышына қызмет көрсету бойынша операциялар жүргізуге қарамастан валюта қорларының өсуіне алып келді.

Нәтижесінде таза валюталық қорлар (ЕАВ) 702,2 млн. долларға өсті, жүргізілген операциялар және алтынның әлемдік нарықтардағы бағасының 3,2 % өсуі нәтижесінде алтындағы активтер 55,0 млн. долларға ұлғайды.

Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтері тұрақты бағалармен 4,1%, ЕАВ-ғы таза активтер 4,4% өсті, алтындағы активтер шамалы (0,3%) ұлғайды.

2007 жылғы қараша айының бірінші жартысында Ұлттық банктің таза халықаралық резервтерінің өсуі ақша базасының 1,6 % (немесе 24,0 млрд. теңгеге) кеңеюіне себепші болды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті