С. Малый атап өткеніндей, «екі апта бұрын шұғыл ақпарат алу үшін, смартфон негізінде компьютерлік жүйені енгізілді».
«Смартфондар көлік жасақтарындағы жүйеге ұқсас, ол арқылы жол полициясы инспекторы көлік жүргізушісі туралы шұғыл ақпарат алады «, — деді С. Малый.
Оның сөздеріне қарағанда, смартфондар ІІМ криминалдық есептерінің мәліметтерімен, көлік жүргізушілерге берген құжаттар және тіркелген көліктер туралы деректермен қамтамасыз етілген.
С. Малый берген ақпараты бойынша, инспекторлар құрамына бүгінде 50 смартфон берілді. «Жақын арада әрбір инспекторлар осындай смартфонмен қамтамасыз етілетін болады. Астана бойынша 400 инспектор жұмыс істейді. Бір смартфонның құны 200 мың теңге. Ал 50 смартфонды сатып алуға 10 млн теңге бөлінді.
«Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, енгізіліп жатқан инновациялық технологиялар биылғы жылы Астана қаласы бойынша көлік апаттарын 26,5% дейін қысқартуға мүмкінді туғызды. Өлім-жітім көрсеткіштері бір ширекке, жол апаттарынан зардап шеккендер саны үштен бір бөлікке қысқарды» — деп хабарлады ІІМ баспасөз хатшысы Бағдат Қожахметов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті