Қазақстанда заманауи әскери академия құрылады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда заманауи әскери академия құрылады

Қазақстанда заманауи әскери академия құрылады

Павлодар. 19 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда 2008 жылы зананауи әскери академия құралатын болады. Бұл жөнінде 16-17 қарашада Павлодар мен Павлодар облысы қауымымен кездескен ҚР қорғаныс министрі Даниал Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 19 Қараша 2007
  • 500
Фото - Caravan.kz

Болашақ академияның жобасы американдық компаниялардың бірімен дайындалған. «Бұл сауал күн тәртібінде бұрыннан тұрғандықтан, келер жылы академия жобасы іс жүзінде қолға алынады. Әскери академияның ұстаздық қызметіне елдің білікті мамандарымен қатар, шетелдік ұстаздар тартылады», — деді Д. Ахметов.

Облыстық білім мамандарымен кездесуі барасында, министр » Қазақстанның білім беру мекемелері тек қағаз жүзінде ғана халықаралық талаптарға сай келмей, іс жүзінде дайындалған түлектер дүние жүзілік жоғарғы оқу орындарынан шыққандармен бәсекеге түсе алатын қабілетке ие болу керек».

Сондай-ақ, қорғаныс саласының басшысы атап өткеніндей, «білім бүгінде экономикада болып жатқан өзгерістерге дем беріп, денсаулық және тағы да басқа салаларын түбегейлі өзгерістерге жетелеу керек «.

«Бүгінде біздер дамыған елдер қатарынан орын алып қана қоймай, оны дамыту үшін мүмкіндіктерімізді жұмылдыруымыз қажет. Ол үшін барлық салада көлемді талпыныстар жасағанымыз абзал. Бұны кейін «Қазақстан ғажайыбы» десін, бірақ елдің басқа жолы жоқ» деген сенімде Д. Ахметов.

Бұдан бұрын айтылғанындай, РК Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа жолдауындағы басымдықтарының бірі — білім сапасының деңгейін көтеру болмақ.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті