Астана үйлеріндегі мансардалар рұқсат құжаттарынсыз салынуда - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана үйлеріндегі мансардалар рұқсат құжаттарынсыз салынуда

Астана үйлеріндегі мансардалар рұқсат құжаттарынсыз салынуда

Астана. 19 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Астанада тұрғызылып жатқан мансардалар рұқсат құжаттарынсыз салынуда. Бұл туралы бүгін өткен Астана қалалық әкімдіктің апталық шұғыл жиналысында қала әкімінің орынбасары Сергей Хорошун мәлімдеді , деп хабарлайды агенттік тілішісі.

  • 19 Қараша 2007
  • 444
Фото - Caravan.kz

С. Хорошунның ақпараты бойынша, Астанада құрылысы 2005-2006 жылы басталған 50 шақты мансардалы үй бар. Бұл нысандар жобалық-қаржылық құжаттарсыз бой көтере бастады. Қорытындысында, мансардалық пәтер иелері, өз баспаналарын жариялай алмай отыр. Сондай-ақ, 50 үйдің 18-інде мансарда құрылысы әлі аяқталмаған.

«50 мансардалық үйден 500 пәтері бар 18 үйдің мәселесі біздер үшін әсіресе ушығып тұр. Бұл құрылыс нысандарын аяқтау үшін қаржы бөлу туралы арнайы шешем шығарылды», — деді С. Хорошун. Ол түсіндіргеніндей, «бөлінетін қаржы үйдің сыртын өңдеу мен шатырын жабу үшін жұмсалады». Бөлінген ақша қайтарылатын болады. Ал ішкі жұмыстар үшін қаржы бөлінбейді.

Баяндаушының пікірінше, алдағы 2-3 айда мансардалық үйлер мәселесі толық шешімін табады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті