«Қазір әлемдік нарықта фьючерстік бағалар арзандай бастады. Бұл ағым тұрақтана бастады деп ойлаймын, өйткені, көптеген елдер биылғы жылды ескере отырып, қыркүйек пен қазан аралығында бағаның шарықтап шыға келгенін ескеру негізінде бидайға арналған егіс алқаптарының көлемін ұлғайтуға шешім қабылдады», -деп түсіндірді Д. Уашев.
«Көптеген елдер күздік бидайға арналған егіс алқаптарын ұлғайта бастады. Мәселен, Еуроодақ орақ пен тырма тимеген 10% алқапты қайтадан консервациядан шығарды. Олар бұл алқаптарды келесі жылы күздік бидайдың түсімін 10% жоғары жинау үшін қайта іске қосты», -деп түсіндірді департамент директоры.
«Бұл жерде, әрине, күздік бидай қалай қыстан шығады деген сұрақ туындайды», — деді корпорация өкілі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті