Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 19 қарашада 14 сағат 05 минутта Алматы-Өскемен тас жолының 88 шақырымында «БМВ» көлігінің жүргізушісі «Тойота» көлігімен соқтығысты.
«Апат салдарынан 10 адам оқиға орнында қаза тапты: екі жүргізуші мен «БМВ» көлігінің екі жолаушысы, ал қалған алты жолаушының аты-жөндері анықталу үстінде», -деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Оқиғаның зардаптарын жоюға ҚР ТЖМ-нің «Республикалық АҚО» МБ-ның 5 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті