Экономика және бюджетті жоспарлау министрі 2008-2010 жылдарға арналған кәсіптік білім беруді дамыту бағдарламасын пысықтауды ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Экономика және бюджетті жоспарлау министрі 2008-2010 жылдарға арналған кәсіптік білім беруді дамыту бағдарламасын пысықтауды  ұсынды

Экономика және бюджетті жоспарлау министрі 2008-2010 жылдарға арналған кәсіптік білім беруді дамыту бағдарламасын пысықтауды ұсынды

Астана. 20 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов 2008-2010 жылдарға арналған техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту бағдарламасын қайта пысықтап, мемлекет басшысының қол қоюына жолдауды ұсынды. Бұл туралы ол бүгін Астанада үкіметтің отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 20 Қараша 2007
  • 561
Фото - Caravan.kz

«Қазақстанда бүгінге дейін техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі жоспарлы экономикаға негізделген орта буын мамандары мен кәсіби жұмысшы мамандарды кәсіптік дайындау жүйесінің сәл ғана өзгертілген түрінде болып келді. Қазір еліміздің экономикасы тұрақты даму траекториясына шығып, дамыған елдердегі еңбек рыногындағы ағымдар байқала бастады», — деді Б. Сұлтанов.

Оның атап көрсетуінше, қазір елімізде «техникалық және қызмет көрсету саласы мамандары мен жұмысшыларына деген сұраныс жоғары білімі бар мамандарға деген сұраныстан 2-3 есе артық». «Кәсіптік білім берудің сапасы мен қол жетімділігіне жұмсалатын инвестициялар көлемі артуға, ал олардың жұмыс істеуіне қажетті заманауи құқықтық база қалыптасуға тиіс» — деді министр.

Министрдің пайымдауынша, «мемлекет пен жеке кәсіпкерлік саланың әріптестігі жүйесін дамыту аясында маман дайындау, тәжірибеден өткізу және жұмысқа орналастыру салаларында әлеуметтік әріптестік тетіктерін құру қажет». Оның пайымдауынша, бизнес пен кәсіптік білім беру саласы арасындағы байланысты дамытуға бағытталған мақсатты мемлекеттік инвестициялардың жаңа түрін енгізу мүмкіндігі мен орындылығы жайлы мәселені дәйектеп, білім беру секторын бизнес қоғамдастықпен байланыс орнатуға белсене атсалысуға тікелей ынталандыратын тетік енгізу мәселесін зерттеу қажет».

Министрдің еске салып өткеніндей, ағымдағы жылдан бастап республикалық бюджеттен бөлінген мақсатты трансферттердің негізінде Астанада 850,3 млн теңгене және Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында 552,1 млн теңгеге кәсіптік техникалық мектептер салынуда. Сонымен бірге, «Нұр Отан» партиясының сайлау алдындағы платформасына сәйкес, 2011 жылға дейін елімізде 50 кәсіптік техникалық мектеп салу межеленген, «олардың басым бөлігі , біздіңше, келешегі бар ауылдық жерлерде бой көтеруге тиіс», деді министр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті