Төтенше жағдайларды алдын алу және жою саласында айтарлықтай кемшіліктер бар- Божко - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Төтенше жағдайларды алдын алу және жою саласында  айтарлықтай кемшіліктер бар- Божко

Төтенше жағдайларды алдын алу және жою саласында айтарлықтай кемшіліктер бар- Божко

Астана. 19 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Төтенше жағдайларды алдын алу және жою саласында шешілмеген мәселелер мен кемшіліктер бар. Бұл туралы кеше Астанада өткен жиналыста ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрі Владимир Божко мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 20 Қараша 2007
  • 562
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, жиналыс барысында,» 2007 жылы өрт сөндіру комитетінде сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шабу жұмыстарының жүру барысы мен бағыттары талқыланды».

«Күн тәртібін талқылау барысында, төтенше жағдайларды алдын алу жұмыстарында шешілмеген түйіткіл шаруалардың қордаланғандығы анықталды. Осыған байланысты төтенше жағдайлар кезінде адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтап, материалдық шығындарды азайту мақсатында арнайы шараларды қабылдаудың реті туындады», — деп ТЖМ құлағдар етті.

Сондай-ақ, В. Божко азаматтар жиналатын ірі ғимараттардың өрт қауіпсіздігін тексеру жөнінде тапсырма берді.

ТЖМ вице- министрі Валерии Петровтың мәліметтері бойынша, биылғы 10 айда ҚР өрт сөндіру қызметінде 53 сыбайлас жемқорлық оқиғасы шыққан.

«Құқық қорғау органдары сыбайлас жемқорлыққа барған өрт сөндіру қызметкерлеріне қарсы 14 қылмыстық іс ашып, 39-ын жауапқа тартты. Ақтөбе, Ақмола, Павлодар, Батыс-Қазақстан, Қостанай, Оңтүстік-Қазақстан областарының өртке қарсы қызмет департаменттерінің және Алматы, Шығыс Қазақстанның «Өрт сөндіру қызметі мен апаттан құтқару жұмыстарының» бөлімшелерінің жағдайы нашар», — деді В. Петров.

Вице-министрдің пікірінше, «өртке қарсы қызметтерінде сыбайлас-жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңын насихаттау мен түсіндіру жұмыстары жүргізілмей, маман таңдау жағдайын бақылауға алмай, жұмысына үстірт қараған».

ТЖМ хабарлағанындай «министрлік басшылығы тарапынан сыбайлас жемқорлық бабымен қылмыстық істер қозғалған облыстардың аумақтық органдары жетекшілерінің жеке жауапкершілігін қарастыру жөнінде тапсырма берілді».

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, кәсіпкерлікке қысымшылық жасалмау мақсатында ТЖМ барлық аймақтарда қоғамдық ұйымдар мен кәсіпкерлер бірлестіктерімен кездесу өткізіп, азаматтармен тікелей жұмыс істейтін құрылымдардың қызметін бақылау үшін, «сенім телефондарын» орнату туралы мәселе көтерді».


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті