«Біз техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарын салуды ұсынамыз, 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімдік әлеуметтік-экономикалық даму жоспары аясында жалпы құны 22 млрд 896 млн теңгенің 24 оқу орнын салу көзделуде, ал 50 оқу орнына сұраныс бар», — деді Ф. Қуанғанов.
Сонымен бірге, «қазіргі бар оқу орындарын жаңалау, кәсіптік лицейлер мен колледждердің оқу-өндірістік шеберханалары мен зертханаларын қазіргі заманғы оқу-өндірістік және технологиялық жабдықтармен жабдықтау және оларды жаңалау ұсынылып отыр». Бұған қоса «қазіргі бар кәсіптік лицейлер мен колледждердің жанында 48 жатақхана салу ұсынылған».
Сорнымен бірге, Ф. Қуанғановтың пікірінше, «мемлекеттік тапсырыс құрылымында техникалық мамандықтардың үлес салмағын арттыра отырып, жергілікті бюджеттен техникалық және қызмет көрсетуші мамандарды дайындауға мемлекеттік білім беру тапсырысын 30%-ға арттыру қажет».
Вице-министр бұған қоса «бизнес-құрылымдардың , бірінші кезекте аса ірі жұмыс берушілердің қазақстандық техникалық және қызмет көрсетуші мамандарды дайындау, қайта дайындау мен мамандығын шыңдау бағытындағы әлеуметтік жауапкершілігін көтеру қажет», деді.
«Әлеуметтік әріптестік жөніндегі келісім-шарттары арқылы шетелдік жұмыс күшін қазақстандық мамандармен алмастыру және халықты бұқаралық мамандықтарға өндіріс аясында немесе фирма аясында оқыту аясын кеңейту мәселелерін сабақтастыру, тіпті маман дайындау жөніндегі өз орталықтарын құру ұсынылып отыр», -деді ол.
Осыт орайда Ф. Қуанғановтың айтуынша, талдауға сәйкес, «көшіп-қонып жүрген халықтың басым бөлігін 16-19 жас аралығындағы жұмыссыз жастар, соның ішінде мектеп бітірген және оқу орындарында оқымаған, жеткілікті жұмыс тәжірибесі жоқ жастар құрайды».
Оның түсіндіруінше, «кейінгі жылдары оқуға түсе алмай, екі қолға бір күрек таппай қалған түлектердің саны азая түсуде: егер 2003 жылы бұл сан 40 мыңды құраса, 2007-жылы — 11 402 болды». Сонымен бірге, «жастардың кәсіби дайындығының жеткіліксіздігінен, нақты кәсібі мен еңбек тәжірибесінің жоқтығынан еңбек нарығындағы бәсекелестік қабілетінің төмендігіне байланысты жастардың дәл осы тобы бейімделуде айрықша қиындықтарға тап болады». «Олар негізінен өз беттерімен еңбекпен шұғылданумен қатар көбінесе қара күшті қажет ететін қара жұмыстарды атқаруды», — деді Ф. Қуанғанов. Соған қарамастан, «еліміздің барлық өңірлерінде бос жұмыс орындары көп және кәсіби мамандарға сұраныс бар».
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті