ТМД үкімет басшылары Ашхабадта мигранттардың құқықтың статусы жөнінде конвенцияны қарастырады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД үкімет басшылары Ашхабадта мигранттардың  құқықтың статусы жөнінде конвенцияны  қарастырады

ТМД үкімет басшылары Ашхабадта мигранттардың құқықтың статусы жөнінде конвенцияны қарастырады

Минск. 20 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Ашхабадта 22 қарашада өтетін ТМД үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысында Достастыққа қатысушы мемлекеттерде жұмыс істейтін мигранттар мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтық статусы жөніндегі конвенция қарастырылады. Бұл жөнінде агенттікке ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 20 Қараша 2007
  • 386
Фото - Caravan.kz

«Конвенция жобасының негізгі мақсаты бойынша, еңбек етіп жүрген мигранттар мен олардың отбасы мүшелерінің құқығын қамтамасыз ету, оларды қабылдаған мемлекет тарапынан жұмыс пен өмірге байланысты қағидаларды жергілікті азаматтармен тең дәрежеде пайдануды қамтамасыз ету», — деп хабарлады ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, конвенцияның шарттары мемлекетке заңды жолмен келіп, тілі мен діліне, ұлтына, этникалық және әлеуметтік тегіне , азаматтығына қарамастан, жұмыс істеп жүрген мигранттар мен олардың отбасы мүшелеріне таралады. Конвенция мигранттарға байланысты туындайтын барлық жағдайды реттеуге бағытталған.

Конвенцияның талаптары бойынша, қабылдаған мемлекетте заң бойынша жергілікті азаматтар берілген құқыққа көшпенді-мигранттар да ие болып, тең дәрежеде пайдаланады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті