Қазақстан делегациясы "Шығыс-Батыс" диалогының отырысына қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан делегациясы "Шығыс-Батыс" диалогының отырысына  қатысады

Қазақстан делегациясы "Шығыс-Батыс" диалогының отырысына қатысады

Астана. 20 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан делегациясы "Шығыс-Батыс" диалогының Барселонада өтетін отырысына қатысады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" тілшісі сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 20 Қараша 2007
  • 488
Фото - Caravan.kz

«2007 жылғы 21-22 қарашада Барселона қаласында «Шығыс-Батыс» диалогының төртінші отырысы шеңберінде Өркениеттер альянсы және Casa Asia (Азия үйі) халықаралық институттары ұйымдастырған «Әлемдегі жаңа қауіптер: қауіпсіздік саласындағы қауіп-қатерлермен күресудегі адамзат өлшемінің ролі» халықаралық конференциясы өтеді», деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Саммитке парламент сенатының төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған Қазақстан Республикасының парламентшілер делегациясы қатысады.

Бас қосудың басты тақырыбы әлемнің жаһандану жағдайындағы адамзат қауіпсіздігін өлшеу болып табылады. Пленарлық отырыста Қазақстан делегациясының басшысы, парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлейді.

«Шығыс-Батыс» диалогы Casa Asia (Азия үйі) мен ЮНЕСКО, Мадрид Клубы, СIDOB ұйымы, Үш мәдениет Қоры, Әлем мәдениеті Қоры мен Испаниядағы БҰҰ Ассоциациясы секілді беделді халықаралық ұйымдардың арасындағы тығыз ынтымақтастық аясында жүзеге асты. Форум жыл сайын дүние жүзінің саясат, экономика, қоғамдық және интеллектуал элитасы мен әлемдік діндер өкілдерінің басын қосады. Оның басты мақсаты кең көлемдегі ғаламдық мәселелерді талқылап оны шешу жолдарын қарастыру болып табылады. Биылғы жылы қазіргі замандағы өзекті мәселелерге қатысты сындарлы үн қатысуға саясаткерлер мен қоғамдық қайраткерлер, ғылыми жұртшылық пен діни конфессиялар өкілдері және әлемдік БАҚ өкілдері шақырылып отыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті