«Біздің медициналық бірлестігіміз халықаралық талаптарға жақын» — деді Қ. Садуақасов. — Барлық палаталар үш орынды, әрқайсысында жуынатын кабиналар, қол жуғыш, сантехника бар. Сондай-ақ, аурухана мен емхана медициналық жаңа техникалық аппараттарымен қамтамасыз етілген. УЗИ-дің екі аппараты , Италияда шығарылған рентген аппараттары бар. Сол сияқты басқа да құрал жабдықтар баршылық».
«Ал 100 орындық стационарда жататындар хирургиялық, гинекологиялық, терапевтік көмек алуларына болады. Сондай-ақ Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне бөлек бөлмелер қарастырылған».
Медициналық бірлестіктің құрылысы мен жабдықталуына республикалық бюджеттен 955 млн тенге бөлінді.
Егер бұрын ауруханада 100 адам жұмыс істесе, штаттың кеңейтілуіне байланысты қосымша 40 адам қабылданды. Дәрігерлер қатарын 5 жас маман толықтырды.
Қ. Садуқасов атап өткеніндей, олардың 4 екі от басының шаңырағын көтеріп, орталық басшыларының көмегімен пайызсыз $7 мың және $10 мың қарыз алып баспанаға қол жеткізді. «Олар алған қаржысын ғана қайтарады, ал пайызын біздер төлейміз», деді Қ. Садуақасов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті