Жаңа жыл мерекесі күндері қазақстандықтар төрт күн демала алады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңа жыл мерекесі күндері қазақстандықтар төрт күн демала алады

Жаңа жыл мерекесі күндері қазақстандықтар төрт күн демала алады

Астана. 21-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Жаңа жыл мерекесі күндері қазақстандықтар төрт күн демала алады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасы премьер-министрінің баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасап.

  • 21 Қараша 2007
  • 422
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 2007 жылы желтоқсанның 30, 31 күндері және 2008 жылдың 1, 2 қаңтары демалыс күндері болады.

«Еңбеккерлердің демалуына қолайлы жағдай жасау және жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов демалыс күнін 2007 жылдың 29-желтоқсаны сенбі күнінен 2007 жылдың 31-желтоқсаны дүйсенбі күнге ауыстыру туралы үкімет қаулысына қол қойды», — деп көрсетілген хабарламада.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті