Қазақстан Республикасының премьер-министрі АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісінің орынбасарымен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Республикасының премьер-министрі АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісінің орынбасарымен кездесті

Қазақстан Республикасының премьер-министрі АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісінің орынбасарымен кездесті

Астана. 21-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Кеше үкімет үйінде Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орта Азия істері жөніндегі көмекшісінің орынбасары Эван Файгенбауммен кездесті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі премьер-министрдің баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасап.

  • 21 Қараша 2007
  • 437
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, кездесу барысында Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі даму мүмкіндіктері, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі, сондай-ақ, аймақтық сипаттағы кейбір экономикалық мәселелер талқыланған.

«Кәрім Мәсімов Қазақстан АҚШ-ның Орта Азиядағы ірі сауда және инвестициялық серіктесі ретінде толық құрамды, ашық және сындарлы серіктестік сипатындағы ынтымақтастық қағидаларын ұстануын жалғастыратынын атап өтті», — деп көрсетілген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Э. Файгенбаум Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықты берік, жан-жақты қатынастар ретінде бағалады. «Біз көптеген мәселелер бойынша, атап айтқанда, қауіпсіздік, экономика, инвестиция және көптеген өзге де салалар бойынша ынтымақтастықтамыз», — деді ол.

«Кездесуге қатысушылар Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы қатынастардың дами түскендігін атай отырып, мұның болашақта да дами беретіндігіне сенім білдірді», — деп көрсетілген хабарламада.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті