Қостанай облысында балалар қылмысының деңгейі күрт өсіп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысында балалар қылмысының деңгейі күрт өсіп отыр

Қостанай облысында балалар қылмысының деңгейі күрт өсіп отыр

Қостанай. 21-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қостанай облысында балалар қылмысының деңгейі күрт өсіп отыр. Тек осы жылы ғана 700-ден астам кәмелеттік жасқа толмаған балалар қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі облыс прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 21 Қараша 2007
  • 481
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, биыл мектептер мен гимназиялардың 500-ге тарта оқушысы қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Бұл кәмелеттік жасқа толмаған қылмыскерлердің 61 пайызын құрайды.

«Үстіміздегі жылдың 9 айында өткен жылдың сәйкес уақытымен салыстырғанда кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы қылмыстың үлес салмағы 6-дан 8 пайызға дейін өскені көрініп отыр», — деп хабарлады Қостанай облысы прокуратурасының мемлекеттік органдар қызметінің заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы міндетін атқарушы Еркін Тайкешов.

Оның айтуынша, Алтынсарин, Денисов, Қарасу, Меңдіқара және Наурызым аудандарында, сондай-ақ, Қостанай және Рудный қалаларында өсу көрсеткіші жоғары болған.

«Осы жылы 600-дей қылмыс жасөспірімдердің мойынында. Тіпті осы аптаның өзінде 2 кісі өлімін кәмелеттік жасқа толмағандар жасаған. Жасөспірімдердің мастық жағдайында жасаған қылмыстарының саны айтарлықтай өсті», — деді Е. Тайкешов.

Е. Тайкешов сондай-ақ, осыған байланысты әкімшіліктер мен білім беру мекемелеріндегі педагогикалық ұжымдардың қызметі сын көтермейтіні және ол жерлердегі жастарды балалар қылмысының алдын-алу бойынша тәрбиелеу жұмыстары қойылған талаптарға еш сәйкеспейтінін атап көрсетті.

Сонымен бірге, жасөспірімдерді қадағалау комиссиясының қызметкерлерінде нақты өкілеттілік жоқ, деп санайды облыс әкімінің орынбасары Серік Бектұрғанов. «Біз комиссияның құқығының шектеулігі өзіне тұсау болып жатқан жағдайлармен жиі ұшырасып жатырмыз. Комиссия бар болғаны олар үшін ешқандай маңызға ие емес көлемде айыппұл ғана сала алады», — деп атап көрсетті әкім орынбасары.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті