Мәсімов АЭС салу жөніндегі комиссияның отырысына қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәсімов АЭС салу жөніндегі комиссияның отырысына қатысады

Мәсімов АЭС салу жөніндегі комиссияның отырысына қатысады

Ақтау. 21 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Ақтауда АЭС салу және жобаны жүзеге асыруды жеделдету мәселелері жөніндегі мекемеаралық комиссияның отырысына қатысады, деп хабарлайды агенттік тілшісі Маңғыстау облыстық әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 21 Қараша 2007
  • 408
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Кәрім Мәсімов бүгін бір күндік жұмыс сапарымен Маңғыстау облысында болып, онда «МАЭК-Қазақатомөнеркәсібі» ЖШС-інде болады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2006 жылғы тамызда «»Қазатомөнеркәсібі» ҰАК АҚ (50%) мен «Атомстройэкспорт»ААҚ (50%) бірлескен кәсіпорын құрды, ол АЭС құрылысын салу жөніндегі жобаның техника-экономикалық негіздемесі мен жобалық құжаттамаларын дайындауда. Бұл жерде Қазақстанда ВБЭР-300 үлгісіндегі энергетикалық блоктары бар атом электр станциясының жобасын жасап салу жөнінде сөз болып отыр, оларды Нижний Новгород қаласындағы И. Африкантов атындағы машина жасау жөніндегі тәжірибелік-конструкторлық бюро айналысуда. Жұмысшы үлгіге сәйкес, АЭС осы тектес үш блоктан тұруы мүмкін.

Бұған қоса, Кәрім Мәсімов жуырда ғана құрылған жаңа Мұнайлы ауданындағы халыққа қызмет көрсету орталығының ашылуына қатысып, университет қалашығы құрылысының салыну барысымен танысып, концессиялық жобалардың тұсаукесеріне қатысады. Сол күні кешке үкімет басшысы ТМД үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысу үшін Ашхабадқа ұшып кетеді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті