Парламент төтенше жағдайлар мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулер бойынша келісім комиссиясын құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент төтенше жағдайлар мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулер бойынша келісім комиссиясын құрады

Парламент төтенше жағдайлар мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулер бойынша келісім комиссиясын құрады

Астана. 21 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі" заң жобасы бойынша келіспеушілікті еңсеру үшін парламент палаталарының келісім комиссиясын құруға шешім қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 21 Қараша 2007
  • 297
Фото - Caravan.kz

«Сенат тарапынан принциптік өзгерістер енгізілгендіктен, келісім комиссиясын құру жөніндегі ұсынысты қолдауды сұраймын», -деп мәлімдеді жалпы отырыста сөз сөйлеген мәжіліс депутаты Уәлихан Қалижан.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бұл құжаттың мақсаты — төтенше жағдайлар саласындағы заңнаманы жетілдіру болып табылады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті