Парламент "Бюджеттік кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент "Бюджеттік кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қабылдады

Парламент "Бюджеттік кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қабылдады

Астана. 21 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Бюджеттік кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына сенат тарапынан енгізілген түзетулермен келісті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 21 Қараша 2007
  • 310
Фото - Caravan.kz

«Қаржы және бюджет жөніндегі комитет сенат тарапына енгізілген түзетулермен келісуге мүмкіндік бар деп санайды»,- деді жалпы отырыста мәжіліс депутаты Татьяна Яковлева.

Сөйтіп заң қабылданды деп танылып, мемлекет басшысының қол қоюына ұсынылды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Заң жобасын қабылдау Бюджеттік кодексті Конституция нормаларымен сәйкестендіруге, қаржылық тұрақсыздық болған жағдайда жедел жауап қатуға, мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін енгізуге жағдай жасауға мүмкіндік береді», — деп мәлімдеді бұған дейін заң жобасын депутаттарға таныстырған еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов.

Оның айтуынша, заң жобасымен Бюджеттік кодексті жаңадан қабылданған Конституциялық түзетулерге сәйкестендіруге бағытталған нормалар енгізіліп отыр. Заң жобасы қаржылық ахуал нашарлаған жағдайда жедел жауап қату үшін жұмсалатын үкіметтің резервінің көлемін ұлғайту қарастырылған. Ұсынылып отырған түзетулерге сәйкес, үкімет резервінің жалпы көлемі бюджет кірісінің жалпы көлемінің 10%-інен аспауға тиіс (қазіргі заңнама бойынша 2%-тен артық болмауға тиіс).

Сонымен бірге, енгізілген өзгерістермен Ұлттық қорға қаржы аударушыларды біржола анықтау үшін мұнай секторы кәсіпорындарына жататын ұйымдардың іс-қызметінің түрлері анықталады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті