Қоғамдық палата кеңесінің дербес құрамы бекітілді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қоғамдық палата кеңесінің дербес құрамы бекітілді

Қоғамдық палата кеңесінің дербес құрамы бекітілді

Астана. 21 қараша. Мәжіліс төрағасы Аслан Мусиннің жетекшілік етуімен кеше парламент мәжілісінің бюро отырысы болып өтті. Бюро отырысында Қоғамдық палата кеңесінің дербес құрамы бекітілді, деп хабарлайды агенттік мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 21 Қараша 2007
  • 456
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Республикасы парламентінің мәжілісі жанындағы Қоғамдық палатаның құрамына 30 адам енген. Олардың арасында саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ елімізге танымал ғылым мен мәдениет қайраткерлері бар. Атап айтсақ, Дьяченко Сергей, Нәрікбаев Мақсұт, Дворецкий Владимир, Сыздықов Эльдар, Әуезов Мұрат секілді тұлғалар бар.

Аталған Кеңестің алғашқы отырысы 23 қараша, жұма күні Астана қаласындағы Ұлттық Академиялық кітапханада өтпекші.

Ертеңгі жалпы отырыста «Ядролық терроризм актілерімен күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде мәселе қаралмақ.

Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Көлік кодексінің жобасымен және де «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасымен жұмысты жалғастыру жөнінде мәселе күн тәртібіне шығарылады. Сол секілді «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану туралы» заң жобасы бойынша да жұмыс жалғастырылатын болды.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық сала мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасымен жұмысты жалғастыру жөнінде ұсыныс жалпы отырыста қаралатын болды.

Бюро мүшелері депутаттардың сайлаушыларымен кездесуге бару мерзімдері жөнінде мәселе қарады. Қарашаның 26-сы мен желтоқсанның 5-і аралығында Қазақстанның барлық аймағында Мәжіліс депутаттарының қоғамдық қабылдауы ашылады. Еліміздің қалалары мен аудандарында тұрғындармен кездесулер өткізу жоспарланған. Кездесулердің басты мақсаты — «Нұр Отан» партиясының сайлау алды бағдарламасының орындалуын талқылау.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті