«Осы жылы Мемлекеттік сыйлықтар алғаш рет президент жарлығымен беріледі және иегерлерге елбасы өз қолымен табыс етеді. Мемлекеттік сыйлықтар, сондай-ақ материалдық тұрғыдан да айтарлықтай көтеріледі»,-деп атап өтті отырысты ашқан Қ. Саудабаев.
Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, мемлекеттік хатшы Н.Назарбаевтың Мемлекеттік сыйлықтарға іздену жұмыстарына қойып отырған шарттарына ерекше тоқталып, комиссия мүшелерінің назарын осыған аударды. «Олар қарапайым әрі түсінікті. Біріншіден, жұмыстар отандық ғылым мен техниканың нақты жетістіктерін ұсынуға тиіс. Екіншіден, олар өз салаларындағы ең үздік дүниежүзілік үлгілерге сай болуға тиіс. Үшіншіден, жұмыстар халықаралық ғылыми-техникалық прогреске нақты үлес қосуды қамтамасыз етуі керек. Төртіншіден, олар Қазақстандағы ғылым мен техниканың дамуының жоғарғы деңгейін, олардың дүниежүзіндегі өсіп келе жатқан бәсекелестікке қабілеттілігін көрсетуге тиіс»,- деп атап көрсетті Қ. Саудабаев.
«Мен, біз барлық комиссия мүшелері, өз дауысымызды белгілі бір бір жұмысқа бере отырып, президенттің осы жоғары және әділетті талаптарын басшылыққа алатындығымызға сенімділігімді білдіргім келеді. Біздің комиссия жұмысының қорытындысы нақты озық жұмыстарды ұсынып отырған нағыз таланттарды ұсынуға тиіс», — деп мәлім етті ол.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, бекітілген тәртіпке сәйкес Білім және ғылым министрлігі Мемлекеттік сыйлықтарға ізденуге ұсынылған жұмыстарды қоғамдық талқылау, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізу, сараптамалық-аналитикалық бағалауға қатысты алдын ала жұмыстар жүргізген.
«Бүгінгі отырыста сарапшылардың қорытындысы мен қоғамдық пікірлерді ескере отырып, алдын ала іріктеуден өткен 19 жұмыс талқыланды. Жұмыстарды ұсыну туралы шешім комиссия мүшелерінің жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша қабылданатын болады»,- деп түсіндірілген хабарламада.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті