Қарағанды облысында есірткі заттарының заңсыз айнылымы өсуде - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында есірткі заттарының заңсыз айнылымы өсуде

Қарағанды облысында есірткі заттарының заңсыз айнылымы өсуде

Қарағанды. 21-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Үстіміздегі жылы Қарағанды облысында заңсыз айналымнан 600 кг астам есірткі заттары тәркіленген. Сондай-ақ тәркіленген героиннің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 24 килограмнан 44 кг дейін өскен. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қарағанды облыстық прокуратурасы басқармасының аға прокуроры Қонысбек Ахметов хабарлады.

  • 21 Қараша 2007
  • 415
Фото - Caravan.kz

«Құқық қорғау практикасын талдау, қылмыстық тергеу органдары есірткінің заңсыз айналымымен күресуді жүзеге асыру барысында бірқатар проблемаларға тап келіп отырғандығын көрсетіп отыр»,- деді Қ. Ахметов.

Оның айтуынша, ішкі істер органдары Ұлытау ауданының аумағынан жыл сайын көршілес Қызылорда облысының тұрғындары өсіретін заңсыз есірткі егу алаңын табады. Мысалы, 2005 жылы полицейлер әрқайсысы 2 гектарды құрайтын екі алаң тапқан, ал 2006 жылы көлемі 6 га бір алаң табылған.

«Есірткі бизнесіне құқық қорғау органдары қызметкерлерінің араласуы ерекше алаңдаушылық танытуда. Үстіміздегі жылы 10 полицей әртүрлі заң бұзушылықтар жасағаны үшін лауазымдарын босатылып, 6 қызметкер жұмыстан шығарылған. Ал бес қызметкердің үстінен қылмыстық іс қозғалған»,- деді Қ. Ахметов.

Қылмыстық жауапқа тартылып жатқан адамдар санының айтарлықтай көп болғандығына қарамастан, атап айтқанда ал олардың саны үстіміздегі жылдың 9 айында 722 адамды құраған, есірткіге қатысты ахуал оңға баспай тұр. Бүгінде «нашақор» диагнозымен 5043 адам есепке алынған, олардың 701 әйел және 96 жасөспірім, деп атап өтті облыстың прокуратура басқармасының аға прокуроры.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті