ТМД үкімет басшыларының кеңесі электр қуатын транзитті тасымалдау кезіндегі кедендік процедураларды үйлестіру жөніндегі келісімді қарайды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД үкімет басшыларының кеңесі электр қуатын транзитті тасымалдау кезіндегі кедендік процедураларды үйлестіру жөніндегі келісімді қарайды

ТМД үкімет басшыларының кеңесі электр қуатын транзитті тасымалдау кезіндегі кедендік процедураларды үйлестіру жөніндегі келісімді қарайды

Минск. 21 қараша. "Қазақстан Бүгін" - ТМД үкімет басшыларының кеңесінің 22 қарашада Ашхабадта өтетін кезекті отырысында электр қуатын Достастықтың кедендік шекаралары арқылы транзитті тасымалдау кезіндегі кедендік процедураларды үйлестіру жөніндегі келісім қаралады. Бұл туралы агенттікке ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 21 Қараша 2007
  • 444
Фото - Caravan.kz

«Келісімді қабылдау электр энергетикалық жүйелердің біруақытта жұмыс істеуінің техникалық және экономикалық артықшылықтарын пайдалануға, сондай-ақ, ТМД елдерінің электр энергетикалық нарығының аясын кеңейту және оның аяғынан тұруына септігін тигізеді», -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Келісімге қол қою «электр қуатын декларациялаудың біртұтас тәртіптері мен мерзімін, жіберілген электр қуатынның балансы жасалатын біртұтас есептеу кезеңін белгілеуге мүмкіндік береді».

Сонымен бірге бұл ТМД елдерінің экспорттық мүмкіндіктерін мейлінше толық пайдалануға мүмкіндік беріп, ТМД елдерінің электр энергетикасы ұйымдары, кедендік органдары мен сыртқы экономикалық алыс-беріске қатысушылар арасындағы қарым-қатынасты оперативті әрі жеңілдікпен ұйымдастыруға септігін тигізеді, деп хабарлайды ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті