«Облыс департаменті директорының орынбасары ауыл мектебі құрылысының тендеріне қатысып, жеңіске қол жеткізуге қолғабыс жасайтынын айтып, 7 млн тенге пара талап еткен «, — деп хабарлады С. Бейсалиев.
Қаржы полициясының сөздеріне қарағанда, бір құрылыс компаниясының басшысы полицияға арыз жазып, онда тендер жобасының құны 352 млн теңге екенін айтқан. Ал шенеунік өз қызметі үшін 7 млн теңге талап еткен.
Шұғыл топ әкімдік қызметкеріне арнайы қоспамен белгіленген $58 300 пара беріп жатқан кезде құрықтады.
Облыстық прокуратура ҚР Қылмыстық кодексінің 311 бабы (пара алу) бойынша қылмыстық істің қозғалуына рұқсат берді. Қолға түскен күдікті тергеу қапасына тоғытылып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті