Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметкерлері заң бұзушылықтарға өздері себепші болады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметкерлері заң бұзушылықтарға өздері себепші болады

Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметкерлері заң бұзушылықтарға өздері себепші болады

Алматы. 21-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметкерлері заң бұзушылықтарға көбінесе өздері себепші болады. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 21 Қараша 2007
  • 981
Фото - Caravan.kz

«Алмалы ауданының прокуратураларындағылар, «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық игілігі туралы» заңының бұзылуына көбінесе Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметкерлерінің өздері себепші болатындығыны көз жеткізген, себебі олар өздерінің шығарған нұсқауларын орындауға бақылау қоюды қамтамасыз етпейді»,- деп хабарлады қалалық прокуратураның баспасөз қызметіндегілер.

Мысалы, Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының мамандары «Есендік» ЖШС тіс емханасының іс-қызметіне тексеру жүргізіп, көптеген санитарлық нормалардың бұзылғандығын анықтаған болатын, нәтижесінде емхананың директорына әкімшілік жаза тағайындалып, оған анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқау берілген.

Бірақ, нұсқаудың орындалуы тексерілмеген, оны жүргізілген тексерулерді тіркеу журналынан көруге болады, деп хабарлады қалалық прокуратураның баспасөз қызметінен.

«Бану» ЖШС медициналық орталығында хирургия кабинетіне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың бұзылғандығы анықталған, сол себепті ЖШС директоры әкімшілік жауапқа тартылған болатын.

Әкімшілік заң бұзушылықтар туралы хаттамаға тіптен Алмалы ауданының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мекемесі бастығының нұсқау енгізу қажеттігі туралы қолы қойылғандығына қарамастан бұл іске аспаған. Осы тектес заң бұзушылыққа «Алидент» ЖШС тіс емханасын тексеру барысында да жол берілген.

Ал, үстіміздегі жылдың 24-мамырында «Аңсар» дәмханасының иесіне әкімшілік жаза тағайындалған. Оны тексеруге қантышқақпен және сальмонеллозбен науқастану дерегі негіз болған. Тіптен 16 мымырда ауданның санитарлық қызметінің «Аңсар» дәмханасында донер-кебаб дайындауға, оны сатуға тыйым салынғандығына қарамастан, прокуратура тексеру жүргізген кезде оны дайындау және сату әлі де жалғасып жатқан.

Аудан прокуратурасы тексеру жүргізу кезінде 12 нұсқау шығарған, оның 11-і санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен талаптардың бұзылуына жол берген тұлғаларды әкімшілік жауапқа тарту туралы және Алмалы ауданының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мекемесінің мамандарын тәртіптік жауапқа тарту туралы болып табылады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті