«Бұл институттар сондай-ақ, гидрометқызметінің даму тиімділігін бағалау тәсілі бойынша жұмыстарын жүргізуде «, — деді З. Сарсембаев.
ҚР ҚОҚМ ғылыми сараптамалық қамсыздандыру және тұрақты даму департаментінің директоры Булат Бекниязов атап өткеніндей, Дүниежүзілік банк Қазақстанның берген арызы бойынша, гидрометорологиялық қауіпті жағдайлардан туындайтын экономикалық зияндар және гидрометеорологиялық сапалы ақпарат берудің экономика үшін пайдасы тақырыбында зерттеулер жүргізгенін айтты.
«Бүгінгі мәліметтер бойынша, жыл сайын метеоқызметінің жабдықталмауынан, республика $200 млн экономикалық шығындарға ұрынады. Бұл ауа-райына байланысты салалар құрылымы қазақстанның ЖӨІ 45% құрап отырғандығынан туындап отыр» — деді ол.
Оның ақпараты бойынша, гидрометеоқызметінің жағдайын жақсартып, шығынның алдын алу арқылы, гидрометеоқызметтің техникасын жаңартуға жұмсалған $1 шығынның орнына $5 табыс табуға болады.
«Қазақстан гидрометеоқызметін кезең бойынша жаңартып, оны халықаралық тәжірибелік деңгейге жеткізу жөнінде ұсыныс Республикалық бюджет комиссиясына жолданды. Ал 2008-2010 гидрометеорологиялық жүйені жаңарту жоспары осы кезеңге арналған «Қоршаған ортаны қорғау» жобасының бағдарламысына енгізілді» деді ҚОҚМ өкілі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті