Қазақстанда өрт салдарынан екі адам қаза болды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда  өрт  салдарынан екі адам қаза болды

Қазақстанда өрт салдарынан екі адам қаза болды

Астана. 22 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Жамбыл және Қостанай облыстарында өрттің кесірінен екі адам қаза болды, деп хабарлайды агенттік ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 22 Қараша 2007
  • 361
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 21 қарашада Рудный қаласындағы көп қабатты тұрғын үйде 3 шаршы метр аумақты шарпыған өртті сөндіру барысында 47-жастағы әйелдің денесі табылды. Тілсіз жау ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 10 адамы және екі техника жұмылдырылып, сөндірілді.

Сондай-ақ, Таразда өртті сөндіру кезінде ер адамның мәйіті табылды. 1 шаршы метрді шарпыған тілсіз жауды ҚР ТЖМ өрт сөндіруші 5 қызметкері бір техниканы пайдаланып ауыздықтады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті