Криминалдық полиция комитетінің ақпараттарына сүйенсек, ұсталғандардың 41-не өткен жылы іздеу жарияланған, ал қалған 367-сі үстіміздегі жылы іздеу салынғандар. Іс-шара жүргізу барысында адам өлтірген 11 тұлға, денсаулыққа ауыр зардап келтірген 9 адам, қарақшылық шабуыл жасаған 20 қылмыскер, тонау қылмыстарын жасаған 23 адам және бопсалаушылық жасағаны үшін 4 адам ұсталған. Есіртікге байланысты қылмыстар жасағаны үшін іздеу жарияланған 202 адамның 40-ы ұсталған.
Сонымен қатар, Криминалдық полиция комитеті қызметкерлерінің хабарлауынша, іс-шараны жүргізу кезінде ТМД елдерінің құқық қорғау органдарының іздеуінде жүрген 47 қылмыскер құрықталған.
«Кең ауқымды «Іздеу» шарасы іздеу жұмыстарын жандандыруға, ауыр және өте ауыр қылмыстар жасаған тұлғаларды іздеудің тиімділігін көтеруге бағытталған»,- деп хабарлады Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Криминалдық полиция комитетінен.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті