Компания жетекшісінің айтуынша, екі блокты АЭС жобасы мен құрылысы -108 ай немесе — 9 жылға созылады. Бұдан бұрын дайындалған арнайы кесте бойынша, АЭС құрылыс 2007 жылы басталып, 2013 жылы бірінші блогы іске қосылуы көзделген болатын.
«Алайда, заңгерлік және бюрократиялық себеп-салдардың кесірінен, Ақтауда АЭС құрылысына қатысты нақты шешім қабылданбай, жобаның жасалу мәселесі уақтылы қарастырылмай, екі жылға кейінге шегерілді. Ал қуат көздерінің тапшылығы елдің батыс аймақтарының дамуын тежеуін мүмкін» деді М. Жәкішев.
Ол атап өткеніндей, ҚР үкіметінің қаулысы шыққан кейін, атом станцияларының жеке меншігін анықтайтын, Қазақстан мен Ресей арасында үкіметаралық келісім қабылданатын болады. Үкімет қаулысы мен үкіметаралық келісім Ұлттық атом компаниясына өз әріптестерімен жобаны іске асыру жөнінде келіссөздер жүргізуге мүмкіндік береді.
«ҚР қуат көздерінің тепе-теңдігі, аймақтардың болашағы мен тиімділігі жан -жақты зерттеліп, сараптама жасалғаннан кейін Маңғыстау облысында АЭС құрылысын бастаудың қажеттілігі анықталды «, — деді өз сөзінде М. Жәкішев.
Ол Ақтаудағы инфрақұрылымдарды және білікті мамандарды ескере отырып, АЭС құрылысының экономикалық тиімділігін растады. Қазақстанда жаңа ВБЭР-300 қуат блоктары бар атом станциясының құрылысы және оның жобалануы туралы мәселе көтерілуде.
Жұмсалған қаржыға реактор іске қосылғаннан 8-10 жылдан кейін қайтарылады. 2008 жылы техникалық экономикалық негіздемесі жасалғанда ғана , бүгінгі бағалары айқындалады.
Бұдан бұрын хабарланғанындай, қазір Ресейде шағын қуатты реакторды жинауға қажетті барлық элементтер бар. Олар бұрын сүңгіур қайықтар мен мұз жарғыш кемелерде пайдаланылған. Сөйтіп, АЭС құрылысы , су асты кемелеріндегі реакторларды жасап шығаратын технологиясы бойынша, модульді ректордың үшінші буыны ВБРР -300 негізінде салынады
Мұндай ректор құрылысының тиімділігі сол, оны зауыт жағдайында толық жасатып, Ақтауға теңіз жолымен тасымалдауға болады.Сондай-ақ, дайындалып қойылған комбинат аймағына орнатуға болады. » МАЭК-гі жағдай бүкіл Қазақстан бойынша табылмайды және бұл қаржы мен уақытты үнемдейді», — деп санайды М. Жәкішев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті