Өскемен жұртшылығы мәдениет сарайының ғимаратын коммерциялық мақсатқа беруге қарсылық білдіруде - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскемен жұртшылығы мәдениет сарайының ғимаратын коммерциялық мақсатқа беруге қарсылық білдіруде

Өскемен жұртшылығы мәдениет сарайының ғимаратын коммерциялық мақсатқа беруге қарсылық білдіруде

Өскемен. 22 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Өскемен жұртшылығы мәдениет сарайының ғимаратын коммерциялық мақсатқа беруге қарсылық білдіруде, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 22 Қараша 2007
  • 389
Фото - Caravan.kz

Мәдениет сарайының жанындағы үйірмелерде балалары айналысатын ата-аналар жергілікті БАҚ-тардың көмегіне жүгініп, ғимаратты комммерциялық мақсатқа беріп жіберуге жол бермеуді сұрады.

Жұртшылықтың алаңдауына ғимарат басшылығының осы аумақтан орын жалға алғандардың бәріне «олармен жасалған келісім-шарттарының 2007 жылдың 31 желтоқсанында бұзылантындығын, сарай реконструкцияланады және модернизацияланады», деген ақпарат таратуы себеп болған. Ата-аналар 500-дей баланың бос уақытын өткізетін орынсыз қалу мүмкіндігіне алаңдайды.

Ал мекеме басшылығы өз кезегінде «жөндеуден кейін ғимарат аумағында 717, 177 және 97 адам сыятын үш кинотеатр, сондай-ақ, дәмхана мен ойын кешені жұмыс істейтін болады», деп мәлімдеуде.

Мәдениет сарайы «Үлбі металлургия зауыты»АҚ-ына қарасты. Ал ата-аналар болса, «сарайдың қалада қалған жалғыз мәдениет ошағы екенін» айтады. Бұл жерде барлық ірі мәдени-бұқаралық шаралар өткізілуде. Сонымен бірге қазір сарайда «Пируэт», «Flash» секілді көптеген балалар би ұжымдары дайындалады. «Олардың бәрі де модернизациядан кейін баспанасыз қалуы мүмкін», -деп алаңдайды ата-аналар.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті