Қазақстан президентінің Румынияға мемлекеттік сапары басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президентінің Румынияға мемлекеттік сапары басталды

Қазақстан президентінің Румынияға мемлекеттік сапары басталды

Астана. 22 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Румынияға мемлекеттік сапары басталды. Бұл туралы агенттік тілшісіне мемлекет басшысының әкімшілігінен хабарлады.

  • 22 Қараша 2007
  • 347
Фото - Caravan.kz

Сапар бағдарламасы аясында Нұрсұлтан Назарбаевтың Румыния президенті Транаян Басескумен кездесуі жоспарланған, оның қорытындысы бойынша бірқатар екі жақты құжаттарға қол қойылады. Атап айтсақ, тараптар халықаралық автокөлікпен жүк тасымалы және білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қоймақшы. Сонымен бірге, «Ақтау» теңіз айлағы мен «Констанца» айлағы әкімшіліктерінің арасындағы ынтымақтастық жөніндегі хаттамаға қол қойылады.

Бұған қоса Қазақстан президентінің Румыния премьер-министрі Калин Попеску Таричанмен, сенат төрағасы Николае Вэкэроймен кездесуі жоспарланған.

Сонымен бірге, Қазақстан президенті Д.Кантемир атындағы Христиан университетінде болады. Университет студенттері мен оқытушыларына Н.Назарбаевтың румын тіліне аударылған «Еуразия жүрегінде» атты кітабы таныстырылады.

Түстен кейін президент Белгісіз жауынгердің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті