Ресей Қазақстанның мамандар дайындау саласындағы тәжірибесіне оң баға беріп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей Қазақстанның мамандар дайындау саласындағы тәжірибесіне оң баға беріп отыр

Ресей Қазақстанның мамандар дайындау саласындағы тәжірибесіне оң баға беріп отыр

Мәскеу. 22-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Мәскеуде Ресейдің "Новости" халықаралық ақпараттар агенттігінің баспасөз орталығында өткен "Қазақстанның тәжірибесі: жаңа экономикаға жаңа мамандар" атты "дөңгелек үстел" барысында Қазақстанның мамандар дайындау жүйесінің бірқатар басымдықтары айтылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 23 Қараша 2007
  • 691
Фото - Caravan.kz

«Қазақстанның мамандар дайындау жүйесінде бірқатар артықшылықтар бар»,- деп атап өтті Мәскеу Мемлекеттік Университетінің ақпараттық-талдама орталығының бастығы Алексей Власов.

А. Власовтың пайымдауынша, «Қазақстанда жас мамандарға сену деңгейі Ресейге қарағанда айтарлықтай жоғары». «Сонымен қатар, Қазақстанда мамандарды «Болашақ» бағдарламасы арқылы өсіру жүйесі бар»,- деп қосты ол.

«Қазақстанда қанша маман қажет және қандай салада қажет екендігін біледі. Сондай-ақ елде мамандарды дайындаудағы мемлекеттік және жеке меншік мүдделердің бірігу механизмі біртіндеп құрылып келеді»,- деп атап көрсетті А. Власов.

«Российская газетаның» шолушысы Виталий Дымарский өз кезегінде, Қазақстандағы мемлекеттік қызметкерлердің орташа жасы 39 жасты құрайды, ал Ресейде — 50 жас. «Бұл 11 жас айырмашылығы ғана емес, бұл басқару көзқарасындағы, мақсатты әрі ойластырылған саясаттағы айырмашылық»,- деп қосты ол.

ТМД елдері Институтының директорының орынбасары Владимир Жарихин, «Ресей Қазақстанмен жақсы жетістіктерге жеткен салалардағы оң тәжірибелерін бөлісуі қажет», деп атап көрсетті.

Сонымен қатар, «дөңгелек үстелге» қатысушылар Ресейдің жоғарғы оқу орындарына оқуға келетін студенттердің санының қысқаруы мүмкін екендігіне алаңдаушылық танытты. «Қазақстанның студенттері күннен күнге батыс университеттерін таңдауда»,- деп атап өтті «Время новостей» газетінің шолушысы Аркадий Дубнов.

Дегенмен, Ресейдің «Новости» ақпараттық агенттігінің саяси шолушысы Дмитрий Косыревтің пайымдауыша, қазақстандық студенттердің Ресейдің жоғарғы оқу орындарына деген қызығушылығын АҚШ және Еуропа жоғарғы оқу орындарымен бірдей деңгейдегі сапалы білім бере отырып, жоғарғы оқу орындарының өздері тудыруы қажет.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті