Банктердің шығарған төлем карточкаларының саны 10 айда 29,4% өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Банктердің шығарған төлем карточкаларының саны 10 айда 29,4% өсті

Банктердің шығарған төлем карточкаларының саны 10 айда 29,4% өсті

Астана. 28 қараша. "Қазақстан Бүгін" - 2007 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша банктердің шығарған төлем карточкаларының саны 5,3 млн. дана құрап, бұл карточкалардың ұстаушыларының саны - 5,1 млн. адам болып, 2006 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіштер сәйкесінше 29,4% және 30,0% артқан, деп хабарлайды агенттік ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 28 Қараша 2007
  • 531
Фото - Caravan.kz

Ұлттық банк ақпаратына сәйкес, төлем карточкаларының ішінде неғұрлым көп тарағаны халықаралық жүйе карточкалары болып келеді. Олардың өзіндік үлесі 96,3%, ал жергілікті жүйе карточкаларының өзіндік үлесі — 3,7%. 2006 жылдың 1-ші қарашасында бұл арақатынас 90,0% және 10,0% құраған болатын.

Статистикалық мәліметерге сәйкес, 2007 жылдың қазан айында қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын қолдану арқылы жасалған транзакцияларының көлемі 167,6 млрд. теңге құрады (өсім 2006 жылдың қазан айымен салыстырғанда 41,2%). 2007 жылдың қазан айында транзакциялардың саны 7,7 млн. транзакцияны құрап, 2006 жылдың қазан айымен салыстырғанда 24,0%-ға өскен. Сондай-ақ, қолма-қол ақшасыз төлемдер санының (1,2 млн. транзакцияға дейін немесе 55,5%-ға) қолма-қол ақша алуға байланысты операциялар санының өсуімен (6,5 млн транзакцияға дейін немесе 19,5%-ға) салыстырғанда жоғары қарқынмен өсуі байқалады.

2007 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша 19 банк және «Қазпочтасы» АҚ нақтылы түрде төлем карточкаларын шығаруды жүзеге асыруда. Екінші деңгейлі банктер жергілікті жүйе төлем карточкаларын: Altyn Card — «Қазақстанның Халықтық Банкі» АҚ, SmartAlemCard -«ТуранАлем банкі» АҚ, «Каспий банкі» АҚ, TemirCard — «Темiрбанк» АҚ, «Сити банкі» АҚ, «Цесна банкі» АҚ жергілікті карточкалары және Kazcard — «Казпочта» АҚ шығаруда. Бұдан басқа, қазақстандық банктер келесідей халықаралық жүйе карточкаларын шығарумен және таратумен айналысуда: VISA International, Europay International, American Express International, China Union Pay және Diners Club International.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті