2007 жылы Астана халықаралық әуежайының жолаушылар айналымы 1 млн 200 мың адамды құрайды - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2007 жылы Астана халықаралық әуежайының жолаушылар айналымы  1 млн 200 мың адамды құрайды  - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі

2007 жылы Астана халықаралық әуежайының жолаушылар айналымы 1 млн 200 мың адамды құрайды - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі

Астана. 28 қараша. "Қазақстан Бүгін" -2007 жылы Астана халықаралық әуежайының жолаушылар айналымы 1 млн 200 мың адамды құрайды. Бүгін Астана халықаралық әуежайына 2007 жыл бойы келген миллионыншы жолаушыны марапаттау рәсімінде ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің азаматтық авиация комитетінің басшысы Мұхит Кубаев осындай болжам жасады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 28 Қараша 2007
  • 497
Фото - Caravan.kz

«Егер 2005 жылы әуежайы 600 мың адамды тасымалдаса, биыл жолаушылар айналымы екі есе артады деп күтілуде», — деді М. Кубаев, Елордасында халықарадлық әуежайдың 2005 жылғы ақпанда ашылғанын еске сала отырып.

ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің мәліметінше, 2006 жылы Астана әуежайы 834 мың адамға қызмет көрсетті. «Осы жылдың өткен 10 айында өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда жолаушылар айналымы 35% өсті», — делінген мекеме таратқан баспасөз баянында.

ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің мәліметінше, 2007 жылғы миллионыншы жолаушы — Нұрлан Мерекенов КС-851 санды Алматы — Астана рейсімен келген. Ол сыйлық ретінде 2008 жылы Малайзияда өтетін «Формула-1» автожарысының кезеңіне екі жолдама, Малайзия қонақүйінде екі күн өмір сүру құқығы мен «Эйр Астана» әуекомпаниясының кез- келген рейсіне билет иемденді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті