Қарағанды облысы прокуратурасы ауыл мектептері қызметіндегі бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысы прокуратурасы ауыл мектептері қызметіндегі  бірқатар заң бұзушылықтарды  анықтады

Қарағанды облысы прокуратурасы ауыл мектептері қызметіндегі бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады

Қарағанда. 28 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысының прокуратурасы ауыл мектептеріндегі бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады. Бұл туралы бүгін білім туралы заңын ауылды аймақтарда қолдану мәселесіне арналған жиында айтылды.

  • 28 Қараша 2007
  • 763
Фото - Caravan.kz

Қарағанды облысының прокуратурасы 2006-жылы, 2007- жылдың 9 айында ауылды аймақтарындағы орта мектепте білімге қатысты заңдарының қолдануын тексерген.

Тексеру нәтижесінде анықталғанындай, ауыл мектептерінде тазалық сақтау, жалпы мемлекеттік білім беру талаптары сақталмайтындығы және бірқатар мұғалімдердің дәріс беріп жүрген пән бойынша тиісті білімдерінің жоқтығы анықталды.

«Мысалы, Нұр, Бұхар-Жырау аудандарының білім бөлімдері жыл басынан дәріс беру туралы лизенцияларын білім ұйымдарының жанындағы ведомстволарға беріп отырған. Алайда, мұндай өкілеттілік атқарушы органдардың құзырына кіреді. Ал аудандық әкімдіктер бұл құзырды білім беру ұйымдарына беру туралы ешбір құжат қабылдамаған «, — деді облыс прокуратурасы басқармасы бастығының орынбасары Гүлнар Бижанова.

Оның сөздері бойынша, Қарағанды облысы білім беру департаментінің бұйрығымен 2007-жылдың 9-қаңтарында бұл өкілеттілік қалалық және аудандық білім беру бөлімдеріне берілді. Заңсыз шығарылған бұйрыққа облыстық прокуратура наразылық білдіріп, кері қайтарды», — деді Г. Бижанова.

Оның айтуынша, аудандық әкімдік білім саласына қажетті көңіл бөлмейді. «Мысалы, Теміртау №12 орта мектебінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, саңыраулар қоғамы және «Аналар есірткіге қарсы» атты үкіметтік ұйым орналасқан. Олардың бәрін сыйғызу үшін жөндеу жұмыстары жасалып, бөлмелер қайта жобаланған», — деген мысал келтірді Г. Бижанова.

Қалалық, аудандық прокуратурасының тексеру қорытындылары бойынша, оқу орындарының басшыларына, білім бөлімдеріне, аудандық және қалалық әкімдіктерге заң бұзушылықтарды түзеу туралы 26 нұсқау тапсырылды, деп хабарлады коллегия мүшелеріне Г. Бижанова.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті