Санитарлық қызмет халықтың тұтынып отырған ауыз суының ластануына байланысты алаңдаулы - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Санитарлық  қызмет халықтың тұтынып отырған ауыз суының ластануына байланысты алаңдаулы

Санитарлық қызмет халықтың тұтынып отырған ауыз суының ластануына байланысты алаңдаулы

Астана. 28 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның санитарлық қызметі халықтың тұтынып отырған суының ластануына байланысты аландаулы. Бұл туралы бүгін "Қазақстан Республикасының халқын сапалы ауыз суымен қамтамасыз етудің тиімділігін көтеру жолдары: проблемалар, шешу жолдары, келешегі" атты "дөңгелек үстел" барысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік санитарлық -эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы, мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Анатолий Белоног мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 28 Қараша 2007
  • 742
Фото - Caravan.kz

«Жоғары минералды, хлорид, сульфаттары мен құрамында тұздары бар ауыз суды ішіп отырған халық арасында несеп тасы, өтке тас байлану, жүрек — қан тамыры аурулары және ас қорыту жүйесінде пайда болатын түрлі дерттер көбейді «, — деп мәлімдеді А. Белоног.

Ол атап өткеніндей, «ауыз суға түрлі қатерлі микроорганизмдердің түсуін алдын алып, ескертулер жасалуы өте маңызды», өйткені » пайдаланып отырған судың микробтар мен вирустармен ластануы эпидемиологиялық жағдайды ушықтырып, түрлі ішек инфекцияларын, гепатит және т. б. ауруларды қоздырады».

«Соңғы 10 жылда судың ластануына қатысты 31 оқиға тіркеліп, 6 облыста 4380 адам зардап шекті», -деді А. Белоног.

Ол атап өткеніндей, «соңғы жылдары су тазалығын сақтамаған нысандарға 1180 айыппұл салынып, 112-нің қызметі тоқтатылып, 203 іс прокуратураға тапсырылды».


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті