Семейде жанар-жағармай бағасы қымбаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде жанар-жағармай бағасы  қымбаттады

Семейде жанар-жағармай бағасы қымбаттады

Семей. 27 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Семейде жанар-жағармай бағасы 3 - 5 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды агенттік тілшісі Семей әкімдігінің көлік бөліміне сілтеме жасай отырып.

  • 28 Қараша 2007
  • 478
Фото - Caravan.kz

Бөлімнің мәліметтері бойынша, Семейде қазанда АИ-80 жанармайының бағасы 70 теңге болса, қарашада 75 теңгеге дейін көтерілді. АИ-93 маркалы жанар -жағармай қазанда 82 теңгені құраса, қарашада 84 — 87 теңгеге жетті, АИ-96 маркасы бір айда 5 теңгеге қымбаттады ( 92 ден 97 теңге).

Мамандардың пікірінше, жанар-жағармай бағасының қымбаттауына бірнеше себеп бар. Біріншіден, «қазанда Шымкент және Атырау мұнай өңдеу зауыттары бірдей жоспарлы жөндеу жұмыстарын жасау үшін жұмысын тоқтатқандығы, мұнай бағасының өсуіне әкеліп соқтырды. Егер қазанда бір баррельдің құны $80 болса, бүгінде оның бағасы $90. Ал үшіншіден, елде көлік саны ұлғайды».


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті