Новосибирск облысында шекарадан бір табын жылқы айдап өтпек болған Қазақстан азаматы ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Новосибирск облысында шекарадан бір табын жылқы айдап өтпек болған Қазақстан азаматы ұсталды

Новосибирск облысында шекарадан бір табын жылқы айдап өтпек болған Қазақстан азаматы ұсталды

Павлодар. 28-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Ресей мен Қазақстанның шекарасында Қазақстан Республикасының Павлодар облысы аумағына бір табын жылқы айдап өтпек болған Қазақстан азаматы ұсталды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Новосибирскінің кеден басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 28 Қараша 2007
  • 508
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, жылқылар Новоселье аулынан ұрланған. Бұл елді мекен Купинск ауданында, шекараға жақын жерде орналасқан. Ұры 34 жылқыны ұрлап әкетпек болған. Ұрланған тірі тауарды алып, көршілес мемлекеттің аумағынан қашып шықпақ болған ұрыны Ресейдің шекара қызметінің қызметкерлері қолға түсірген.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, жылқылар заңды иесіне қайтарылған. Аталмыш дерек бойынша Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-тармағы бойынша (Контрабанда) қылмыстық іс қозғалды. Қазақстан Республикасының азаматын 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылу, сонымен қатар ірі көлемдегі айыппұл төлеу күтіп тұр.

Новосибирск кеденінің баспасөз қызметіндегілер сондай-ақ, бұл Новосибирск облысындағы ресей-қазақстан шекарасының аумағы арқылы жылқы ұрлауға қатысты бірінші оқиға емес, деп хабарлады. Әсіресе мұндай жағдай күзде жиі кездеседі. Жылқы ұрлаудың себебін кеденшілер Ресейде Қазақстанмен салыстырғанда жылқының айтарлықтай арзан тұратындығымен түсіндіреді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті